Перейти к содержимому

Ғаламтордың торынан сақтан!

5 қаралым

Бүгінде интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.
Алайда виртуалды ортада да белгілі бір жауапкершілік болуы қажет. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату, біреудің ар-намысына тиетін сөз жазу дұрыс емес. Өзгенің жеке мәліметін рұқсатсыз жариялау да құқықтық мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан интернетті пайдаланғанда мәдениет пен сақтықты ұмытпаған жөн. Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерді ашу да қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе балалардың интернет қауіпсіздігіне ата-ана назар аударуы қажет.
Жасөспірімдерге желідегі қауіптер туралы түсіндіру жұмыстары маңызды. Интернеттегі әр әрекеттің салдары болуы мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс.
Цифрлық сауаттылық – қазіргі қоғамның қажетті дағдысы. Әр азамат виртуалды кеңістікте де заң талаптарын сақтауы тиіс. Әдеп пен жауапкершілік интернетте де маңызды. Қауіпсіз желі мәдениеті осындай қарапайым талаптардан қалыптасады. Интернеттегі тәртіп – қауіпсіздіктің бір бөлігі.

Құралбек СӘБИТҰЛЫ