Перейти к содержимому

Ішімдіксіз орта – қауіпсіз қоғам

20 қаралым

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық әр адамның күнделікті таңдауларынан қалыптасады. Ішімдікке тәуелділік адамның әлеуметтік жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және мінез-құлқына кері ықпал етеді. Сондықтан алкогольді тұтынудың алдын алу шараларын тұрақты жүргізу қажет. Әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Бос уақытты спортпен, шығармашылықпен және пайдалы іспен өткізу зиянды әдеттерден алшақ болуға көмектеседі. Ішімдіксіз орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

Ерзат АСЫЛ