Перейти к содержимому

Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік

25 қаралым

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірін қорғаудың басты шарттарының бірі. Жүргізушінің жылдамдықты сақтауы, қауіпсіздік белдігін тағуы және жол белгілеріне бағынуы маңызды. Жаяу жүргіншілер де белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеуі керек. Жолдағы бір ғана жауапсыз әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір қозғалысқа қатысушы өз қауіпсіздігімен қатар, өзгелердің өміріне де жауапты екенін түсінуі қажет. Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік.

Ерзат АСЫЛ