Перейти к содержимому

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

19 қаралым

Балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Кішкентай жолаушылар жол ережесін толық меңгермегендіктен, олардың қауіпсіздігіне ересектер ерекше көңіл бөлуі керек. Автокөлікте балаларды арнайы қауіпсіздік құралдарымен тасымалдау маңызды. Мектеп маңындағы жолдарда жүргізушілер жылдамдықты төмендетуі қажет. Ата-аналар баласына көшеде өзін қалай ұстау керектігін үйреткені дұрыс. Бірлескен жауапкершілік балалардың өмірін қорғауға мүмкіндік береді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ