Отбасы адам үшін қауіпсіздік пен жылулықтың мекені болуы керек. Үйдегі жанжал мен зорлық-зомбылық отбасы мүшелерінің психологиялық жағдайына ауыр әсер етеді. Сондықтан қандай да бір зорлық белгілері байқалған жағдайда мәселені жасырмай, тиісті көмекке жүгінген дұрыс. Отбасындағы түсіністік пен өзара құрмет жанжалдың алдын алуға көмектеседі. Балалардың көзінше ұрыс-керіс пен күш көрсетуге жол бермеу ерекше маңызды. Зорлықсыз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ