Перейти к содержимому

Жол мәдениеті – азаматтық мәдениет

25 қаралым

Жолдағы тәртіп адамның жалпы жауапкершілік деңгейін көрсетеді. Жүргізушінің жаяу жүргіншіге жол беруі немесе жаяу жүргіншінің белгіленген жерден өтуі – өзара құрметтің белгісі. Жол ережесін сақтау арқылы біз өз өмірімізді ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігін қорғаймыз. Көлік көп жүретін аумақтарда ерекше мұқият болған жөн. Асығыстық пен немқұрайлылық жолдағы қауіпті арттырады. Сондықтан жол мәдениетін қалыптастыру баршаның міндеті.