Үйдегі бағалы заттарды қараусыз қалдыру ұрлық қаупін арттырады.
Ұзақ уақытқа үйден кетерде есік пен терезенің жабық тұрғанын тексеру керек.
Құжаттар мен банк карталарын кез келген адамға ұстата беруге болмайды.
Кілттің көшірмесін де сенімді адамға ғана берген дұрыс.
Ауладағы көлікті түнде жарық әрі қауіпсіз жерге қойған жөн.
Көліктің ішінде телефон, сөмке немесе қымбат заттарды қалдыруға болмайды.
Жеке мүлікке қатысты маңызды құжаттардың электронды немесе қағаз көшірмесін сақтап қойған пайдалы.
Күдікті адамның әрекеті байқалса, өз бетіңізше әрекет етпей, мамандарға хабарлаған дұрыс.
Мүлікті сақтауда ұсақ көрінген сақтық шараларының өзі нәтиже береді.
Ұқыптылық пен алдын ала қамдану шығыннан сақтайды.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ