-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаев әкімі жылумен қамтуға қатысты сауалдарға жауап берді

    17.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Энергетика
    Қонаев әкімі жылумен қамтуға қатысты сауалдарға жауап берді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында әкімшілік және кәсіпкерлік нысандар көптеп салынып жатыр. Осыған байланысты Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлерге жылу қуаты жете ме деген сұраққа жауап берді.

    Тілшілермен тілдескен шаһар басшысы жылу энергиясы тапшылығының алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жоспары жасалғанын айтты.
    «Бүгінде қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Біз осы жылдың тамызында бекітілген Бас жоспарға барлығы сәйкес болуын бақылауда ұстап отырмыз. Жалпы көлемі 23 мың шаршы метр болатын «Sun City» тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Кешен 12 қабатты 3 бөліктен құралған. Бұдан бөлек, 2024 жылдың басында қолданысқа берілетін басқа да нысандар бар. Ал сіздердің сұрақтарыңыз орынды. Әлбетте, жылу жүйесіне артық жүктеме болады. Бірақ, мен жауаптыларға ғимараттардың ішкі жұмысы жасалып жатқанда жылуға бірден қосуды тапсырдым», – деді Нұрлан Құматаев.

    Қала әкімінің сөзінше, әкімдік халық тұрып жатқан көпқабатты үйлерге артық жүктеме түсіп кетпеуін ерекше қадағалап отыр. Қазіргі таңда «Қонаев қаласының жылу желілері» МКК 275 көппәтерлі үй мен 648 жеке үйді жылумен қамтамасыз етуде. Кәсіпорында 6 бу, 4 су жылытқыш қазандықтар орналасқан. Осы қуатқа қарамастан, қала әкімдігі кәсіпорынды үлкейту үшін шаралар қабылдаған.

    «Жылу беруді оңтайландыру мен оның айналымы, барлық шағын аудандарға жылуды біркелкі тарату мәселелері өзекті болып қала бермек. Аталған түйткілдің түйінін тарқату үшін жылу желісін жаңғыртып жатырмыз. Газбен және мазутпен жұмыс істейтін қазандықтарды сатып алудың арқасында қуатты 20 000 кг/сағатқа ұлғайтуды көздеп отырмыз. Ол кезде қысым 16 бар (204ᵒС) болмақ», – деді шаһар басшысы.

    Еске сала кетейік, Қонаев қаласы – қазандығы көгілдір отынға қосылған Қазақстандағы жалғыз облыс орталығы.

    Ұсынымдар

    Табысты кәсіпорын

    Табысты кәсіпорын

    2 weeks ago
    Ұлттық ат спорты ойындары ұлықталды

    Ұлттық ат спорты ойындары ұлықталды

    6 months ago
    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    2 years ago
    Қонаевта 154 бұралқы ит ауланды

    Қонаевта 154 бұралқы ит ауланды

    1 year ago
    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    ТІЛ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>