Перейти к содержимому

Жылдамдықты азайт – өмірді сақта!

13 қаралым

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жылдамдықты азайт өмірді сақта!» акциясы аясында жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Іс-шаралар барысында белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеу және жол қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Жолдағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі. Жол жүрісі қағидаларын сақтау, мұқият болу және өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы