Перейти к содержимому

Тәртіпті қоғам – қауіпсіз қоғам

14 қаралым

Қаракемер ауылдық округінің аумағында «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу бағыттарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында рейдтік топ ауыл аумағын аралап, қоғамдық орындар мен жастар көп шоғырланатын нысандарды бақылауда ұстады. Тұрғындармен кездесіп, заң талаптарын сақтау, түнгі уақытта қауіпсіздік ережелерін бұзбау және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрудің құқықтық салдары түсіндіріліп, ата-аналарға бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Мұндай рейдтік жұмыстардың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз ортасында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуы маңызды.

Қаракемер ауылдық округінің әкімдігі