Перейти к содержимому

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

11 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мекеме алаңында жүргізілген түсіндірме жұмыстары – қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Қоғамдағы көкейкесті мәселе болып, ел ішіне білінбей кірген індет секілді, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық туралы Қарқара ауылдық Мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет» тақырыбында аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерімен кездесу өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды.

Кездесуге Кеген ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ернұр Әкімбекұлы қатысып, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, алаяқтықтың түрлері және одан сақтану жолдары туралы айтылды.

Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа жол бермеу, сақтық шараларын сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілген соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, полиция подполковнигі Ернұр Әкімбекұлы жиынды қорытындылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы