Жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталады. Осыны тұрғындарға тағы бір мәрте еске салу мақсатында Ұйғыр ауданының прокуратурасы полиция органдарымен бірлесіп, «Жылдамдықты бәсеңдет, өміріңді сақта!» жобасы аясында рейдтік іс-шара өткізді.
Шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдық мөлшерінен аспау және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтықты арттыруға шақыратын ақпараттық буклеттер таратылды.
Көлік тізгінінде отырған адам үшін жылдамдықты сәл ғана арттырудың өзі күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін. Жолда бір сәттік асығыстықтың салдары орны толмас өкінішке айналмауы керек. Сондықтан белгіленген жерге бірнеше минут ерте жету үшін өз өміріңіз бен өзгенің қауіпсіздігін тәуекелге тігудің қажеті жоқ.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы