Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің студенттері меморандум келісім-шартына байланысты «ЖАҰСО» РМК Алматы облысы бойынша филиалында битумның қасиеттерін анықтау үшін бернеше зертханалық сынамалар жүргізуге қатысты. Атап айтқанда:
• битумнын маркасын иненің өту тереңдігін анықтау әдісі;
• Фраас бойынша сынғыштық температурасын анықтау әдісі;
• битумды созуға сынау әдісі. Сонымен қатар күйдіруден және үйірткі мен Сокслет аспабында шайғындаудан кейін менерал бөлігінің түіршік құрамын анықтау.
Айта кетейік «ЖАҰСО» РМК Алматы облыстық филиалымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің арасында меморандум жасалған еді. Меморандум келісім-шартының тараптар аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
– студенттерге тікелей өндірісте сабақ өткізу үшін құрылыс және құрылыс материалдары кафедрасының филиалын ұйымдастыру;
– Кәсіпорынның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттердің (студенттер, магистранттар, докторанттар) курстық жұмыстарының, бітіру жұмыстарының тақырыптарын және Университеттің ғылыми зерттеулерін үйлестіруге қатысу;
– семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру, университет бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу; – бірлескен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру
– Кәсіпорынның мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттерге/түлектерге практикалық сабақтарды (өндірістік практиканы) өткізу;
– эксперименттік базамен қамтамасыз ету;
– ғылыми-зерттеу жобалары бойынша ғылыми тәлімгерлікті дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде ғылым мен инновациялық өндірістің интеграциясына жәрдемдесу.