Перейти к содержимому

Конституция заң үстемдігін арттырады

10 қаралым
жаңа конституция

Заң үстемдігі – әділетті қоғам құрудың маңызды шарттарының бірі. Конституция мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін айқындайтын басты негіз болып саналады. Жаңа Конституцияда құқық пен міндеттің өзара сабақтастығына ерекше мән беріледі. Заң талаптарын сақтау қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың құқығы қорғалған жағдайда қоғамдағы өзара сенім де нығая түседі. Сонымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заңды білу және оны құрметтеу күнделікті өмірдегі көптеген мәселенің алдын алады. Сондықтан Конституция талаптарын түсіндіру мен құқықтық мәдениетті арттыру жұмыстарының маңызы зор.

Ерзат АСЫЛ