Алматы облысында 2023 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық құбылыстарының көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» ақпараттық науқаны іске асырылды:
2023 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысында “Алматы облысының ішкі саясат басқармасы” ММ тапсырысы бойынша “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қолдауымен құқықтық сауатты арттыруға және сыбайлас жемқорлық құбылыстарының көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жоба іске асырылды. Бірінші кезекте Алматы облысының 9 ауданында және Қонаев қаласында арнайы рәсімделген шағын автобуста көшпелі ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, консультациялар өткізілді және құрамына мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері кіретін мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың (МСЖҚТ) жұмысы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ жоба аясында жобаны жүзеге асыратын ұйым «Эра-KZ» қоғамдық бірлестігінің парақшасында азаматтық қоғамның өзекті мәселелері қозғалған тікелей эфирлер жүргізілді. Алматы облысының тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес алу қызметін алуды жеңілдететін телеграмм боты әзірленді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық мәселелерімен айналысатын ұйымдар туралы ақпарат алуға болады:
2023 жылғы 16 қарашада Алматы облысының азаматтық қоғамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты, азаматтық қоғамның бастамаларын қолдауға бағытталған облыстық форум өткізілді. Форумға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері, азаматтық белсенділер, үкіметтік емес сектордың өңірлік өкілдері, “Әділдік жолы” РҚБ өкілі, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен жастар бастамалары қатысты. Сондай — ақ, форумда “KUN JARYGY” коалициясы-Қазақстанның Мемлекеттік сатып алуларының ашықтығы мен тиімділігі саласында мониторингті, зерттеуді, адвокаттандыруды жүзеге асыратын азаматтық қоғам өкілдерінің қауымдастығы жобасы аясында “сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күресте жасанды интеллектті пайдалану” тақырыбында презентация ұсынылды. Сонымен қатар форумда келесі бағыттар бойынша пікірталас пленарлық сессиялары өткізілді: Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жастардың қатысуы және жастар саясаты; Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жолындағы күрестің негізгі әдістері мен проблемалары; Сыбайлас жемқорлық Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін фактор ретінде; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық сектордың қатысуы; Өңірдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін шешудің негізгі әдістері мен жолдары; Саладағы білім беру бағдарламаларын жобалауға пәнаралық тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Пленарлық сессиялардың қорытындысы бойынша форумға қатысушылар жұмыс топтарының қысқаша ұсыныстары мен қорытындыларын тыңдады.