Перейти к содержимому

Жастарды есірткіден қорғау маңызды

27 қаралым

Есірткіге қызығушылық көбіне жалған ақпарат пен теріс ортаның ықпалынан басталуы мүмкін. Іле ауданында жастардың спортпен, шығармашылықпен және басқа да пайдалы істермен айналысуына көңіл бөлу осы бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі. Ата-аналар баласымен ашық сөйлесіп, оның ортасы мен қызығушылығына назар аударғаны дұрыс. Интернеттегі есірткіні «зиянсыз» етіп көрсететін ақпаратқа сенуге болмайды. Күмәнді ұсынысқа тап болған жағдайда одан аулақ болып, ересек адамға немесе маманға хабарлаған жөн. Салауатты орта жасөспірімнің дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Іле ауданы