Жол қауіпсіздігі жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де бірдей қатысты. Іле ауданындағы елді мекендер арасында көлік қозғалысы жиі болғандықтан, жол ережесіне мұқият болған жөн. Жүргізушілер жылдамдықты сақтап, көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамауы керек. Жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерден өткені дұрыс. Балаларға жол бойында ойнауға болмайтынын үнемі түсіндіріп отырған қажет. Жолдағы асығыстықтың соңы өкінішке әкелуі мүмкін.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
Іле ауданы