Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Салауатты өмір – қауіпсіз қоғамның негізі

Салауатты өмір – қауіпсіз қоғамның негізі

25 қаралым

Балқаш ауданында ішімдіктің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамдық ортаға да кері әсер етеді. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл бағытта мектептерде, жастар ортасында және ауылдық жерлерде профилактикалық кездесулер өткізудің маңызы жоғары. Тұрғындарға ішімдіктің әлеуметтік салдары мен жауапкершілік мәселелері түсіндіріледі. Отбасындағы татулық пен өзара сыйластықты сақтау да зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді. Әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс өмір салтын таңдауы керек. Салауатты ұрпақ қалыптастыру – барша қоғамға ортақ міндет.

Алтынай СЕЙІТКЕН

Балқаш ауданы