Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Есірткінің заңсыз айналымына жол берме!

Есірткінің заңсыз айналымына жол берме!

29 қаралым

Есірткінің заңсыз айналымы қоғам қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін мәселелердің бірі. Оның алдын алу үшін құқық қорғау шараларымен қатар, тұрақты профилактикалық жұмыстар қажет. Әсіресе жасөспірімдер мен жастарға есірткінің зияны туралы нақты әрі түсінікті ақпарат берген маңызды. Жастар күмәнді ұсыныстардан сақ болып, бейтаныс адамдардың ықпалына ермеуі керек. Әлеуметтік желілерде тарайтын күмәнді жарнамалар мен ұсыныстарға да сақтықпен қараған жөн. Ата-аналар баласының ортасы мен қызығушылығына көңіл бөлгені дұрыс. Есірткі қылмысының алдын алу – қоғам мүшелерінің ортақ жауапкершілігі. Салауатты ұрпақ тәрбиелеу арқылы қауіпсіз болашақ қалыптастырамыз.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ