Перейти к содержимому

Есірткісіз болашақ – ортақ мақсат

28 қаралым

Есірткінің таралуына жол бермеу – қоғамның барлық мүшесіне ортақ міндет. Бұл мәселенің алдын алуда отбасының тәрбиелік ықпалы ерекше. Балаға сенім білдіру, оның пікірін тыңдау және мәселесін бірге шешуге тырысу маңызды. Жастардың спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатысуы пайдалы орта қалыптастырады. Сонымен бірге есірткінің құқықтық салдарын түсіндіру қажет. Заңсыз айналымға қатысудың жауапкершілігі бар екенін әр азамат білуі тиіс. Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы профилактиканың тиімділігін арттыра алады. Есірткісіз болашақ – салауатты ұрпаққа байланысты.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ