Перейти к содержимому

Зорлықсыз отбасы – берік қоғам

28 қаралым

Берік қоғам ең алдымен қауіпсіз әрі тату отбасылардан құралады. Сондықтан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тұрақты назарда болуы керек. Әрбір жанжалдың шешімі күш қолдану емес, диалог пен өзара түсіністік болуы тиіс. Ата-аналар балалардың көзінше дау-дамайдың алдын алуға тырысқаны жөн. Егер отбасында қауіп төнсе, оны жасырмай, көмекке жүгіну қажет. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру зорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастырады. Әр азамат өз отбасының қауіпсіздігіне жауапты. Зорлықсыз отбасы – бейбіт қоғамның берік негізі.

Алтынай СЕЙІТКЕН