Перейти к содержимому

Зорлыққа жол жоқ!

41 қаралым

23–25 қыркүйек аралығында Еңбекшіқазақ ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Код безопасности: 102–111–150» профилактикалық акциясы өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек түрлері туралы ақпараттандыру.

Акция аясында полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіреді. Сонымен қатар зорлық-зомбылық белгілері байқалған жағдайда қайда және қалай көмекке жүгінуге болатыны туралы ақпарат беріледі.

102 – полицияның жедел байланыс нөмірі.
Қауіп төнген немесе құқықбұзушылық орын алған жағдайда полицияға хабарласуға болады.

111 – отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірыңғай байланыс орталығы.
Мұнда азаматтар құқықтық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша көмек пен кеңес ала алады.

150 – ұлттық сенім телефоны.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар психологиялық және консультациялық көмек алу үшін хабарласа алады.

Зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамау – қоғамның ортақ міндеті. Егер сіз өзіңіз немесе жақындарыңыз қауіпке тап болғанын байқасаңыз, үнсіз қалмаңыз. Көмек сұраудан қорықпаңыз.

Гүлназ СҰЛТАНАЙ, Еңбекшіқазақ АПБ Отбасылық-тұрмыстық

зорлық-зомбылыққа күрес бөлімшесінің бастығы

полиция капитаны

Еңбекшіқазақ ауданы