Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ішімдіксіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

Ішімдіксіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

31 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасына да кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне және әлеуметтік мәселелердің көбеюіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды. Әсіресе жастар арасында алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Отбасы мен мектеп баланың дұрыс таңдау жасауына бағыт беруі тиіс. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау да әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз ортаның негізгі шарттарының бірі. Ішімдіксіз өмір салтын насихаттау арқылы біз берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қоса аламыз.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ