Перейти к содержимому

Отбасы – қауіпсіздік мекені

31 қаралым

Отбасы адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орта болуы тиіс. Үй ішіндегі зорлық-зомбылық қоғамға да кері әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан жанжалдың алдын алып, мәселелерді өзара түсіністік арқылы шешуге ұмтылған жөн. Отбасы мүшелері бір-бірінің ар-намысы мен құқықтарын құрметтеуі қажет. Зорлық-зомбылыққа тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы тиіс. Құқықтық тетіктерді білу қиын жағдайда дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді. Тұрмыстық жанжалға бейжай қарамай, қажет кезде тиісті органдарға жүгіну маңызды. Отбасындағы өзара құрмет – берекелі қоғамның негізі.

Алтынай СЕЙІТКЕН