Перейти к содержимому

АТА ЗАҢ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

22 қаралым

Жаңа Конституция Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындады. Ол 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Заң үстемдігі мен тәртіптің маңызы да бекітілген. Білім, ғылым және инновацияны дамыту стратегиялық бағыттар қатарында көрсетілген. Азаматтардың құқықтық сауаттылығы жаңа конституциялық нормаларды түсінуге мүмкіндік береді. Ата Заңды білу – әр азаматтың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызды жолы. Конституцияны құрметтеу заңды және қоғамдағы ортақ құндылықтарды құрметтеуден басталады.

Алтынай СЕЙІТКЕН