Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Таза Қазақстан»: Алатау қаласында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Алатау қаласында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

174 қаралым

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алатау қаласында аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Кезекті сенбілік барысында қала әкімдігінің қызметкерлері Дәулет және Арна ықшамаудандарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында көше бойлары мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылып, шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар, айналаны көркейту және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында аумақтарға санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мұндай сенбіліктердің басты мақсаты – қаланың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Алатау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді атсалысуда.
Қала тазалығы – баршаға ортақ міндет. Осы ретте тұрғындарды өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, экологиялық бастамаларды қолдауға шақырамыз.
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ортақ іс.

Сәбит ПАНЖАЗОВ

Алатау қаласы

↑