-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Партия

    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

    08.12.2023
    in Партия
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысы бойынша AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумы өтті. Форум депутаттар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

    Аманаттық депутаттардың қызметін жандандыру, халықтың партияға деген сенімін арттыру, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі тиімді диалог құру – осы және тағы басқа мәселелер Қонаевта өткен «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І облыстық форумда айтылды.

    Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ардагерлер мен партия белсенділері, облыстық басқарма және департамент басшылары да қатысты.

    Форумның ашылуында сөз алған Алматы облысының әкімі партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуының 10 айына қорытынды жасады.

    Оның айтуынша, биыл барлық салада өсім болып, жыл соңына қарай жалпы өңірлік өнім көлемін 4,7% өсіммен 4,6 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланды. Бұл ретте партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы шешуші рөл атқарады.

    «Биылғы жылға жоспарланған 88 іс-шараның 42 пайызы орындалды. Жалпы, жол картасында көзделген 106 іс-шара кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қаражат көлемі 2 трлн 342,4 млрд теңгені құрайды. AMANAT партиясының саяси бағытын орындау мақсатында өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Аталмыш форум депуттар мен жергілікті атқарушы органдар арасында Алматы облысының экономикасын дамыту мәселелерін талқылау үшін ашық диалог алаңына айналғанын қалаймыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Сонымен қатар, мәслихат депутаттарының рөліне тоқталған аймақ басшысы олардың халықтың өзекті мәселелерін шешудегі басым міндеттерін атап өтіп, өңірдегі оң өзгерістердің бастамашысы болу маңыздылығын айтты.

    Ал партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев бұл форум – аманаттық депутаттарға мемлекеттік орган басшыларымен тікелей тілдесуге мүмкіндік жасалған шара екенін айтты.
    «Форумға облыстағы барлық деңгейдегі депутаттар шақырылған. Сондай-ақ барлық басқарма және департамент басшылары қатысып отыр. Негізгі мақсат – депутаттар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Өйткені депутаттар тарапынан мемлекеттік органдарға көптеген сұрақтар туындайды. Сол сұрақтарды бірлесіп талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Мемлекеттік орган басшыларымен тікелей тілдесуге мүмкіндік жасалды. Маңызды мәселелер талқыланды», – дейді Қуат Байғоджаев.
    Айта кетсек, Алматы облысында барлық деңгейдегі 228 мәслихат депутатының 190-ы «AMANAT» партиясының мүшесі. Олар жыл басынан бері 1 мыңнан аса адамды қабылдаған. Оның 817-інің өтініші оң шешімін тапты. Басқаларына заң аясында түсініктеме берілді.

    Ұсынымдар

    Ұлттық дәстүр ұлықталды

    Ұлттық дәстүр ұлықталды

    9 months ago
    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    2 months ago
    Қайыс тіліп, қамшы өреді

    Қайыс тіліп, қамшы өреді

    2 months ago
    Елдігімнің белгісі

    Елдігімнің белгісі

    11 months ago
    Облыстық әкімдікте жартыжылдық қорытындыланды

    Облыстық әкімдікте жартыжылдық қорытындыланды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.