Перейти к содержимому

Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

Елімізде аяздың күшеюіне байланысты бірқатар облыс орталықтары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларында бірінші ауысымдағы ектеп оқушылары онлайн оқуға көшті.

Алматы қаласында 13-14 желтоқсан күндері ауа температурасының -27 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл қалаларында қатты аязға байланысты 13 желтоқсанда барлық сынып оқушылары мен колледждің бірінші ауысымда оқитын 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Семей қаласында да аяз күшейгендіктен бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Ал Шымкент қаласында қатты аяздан оқушылар 15 желтоқсанға дейін қашықтан оқымақ.

Алматы облысында Қарасай ауданының 0-9 сынып оқушылары да аязға байланысты13-14 желтоқсанда онлайн оқу форматына көшті.