-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Партия

    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты

    14.12.2023
    in Партия
    Коммуналдық қызметкерлерге жанашырлық танытты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұйымдастырды. AMANAT партиясының жас белсенділері «Кел, шай ішейік!» акциясын ұйымдастырды. Олар аязда таңнан кешке дейін көшелерді қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды. 

    «Жастар рухы» жастар қанаты таңертеңнен қала ішін аралап, білек сыбана жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяу адам жүретін жолдарды мұздан тазартуға көмектесті.

    «Рухтастармен «Кел, шәй ішейік!» акциясын өткіздік. Акция аясында біз коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне тәтті тоқаш пен ыстық шай тараттық. Күнделікті тазартылған жолдармен жүріп адамдар коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің еңбегін байқамайды. Акцияның мақсаты – коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне алғысымызды білдіріп, көңілдерін көтеру. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4-те оянып, қатарда тұрады», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ белсендісі Мират Ашимбаев.

    Қатысушылар шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті екенін айтады. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.

    Айта кетейік, “Қазгидромет” мекемесінің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс орталығы Қонаевта ауа температурасы -16 градус Цельсийден -20 градусқа дейін төмендейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания жұмысы тоқтаған жоқ. Қала әкімінің тапсырмасына сай, олар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, қалада қардың қалыңдығы 15 см-ге жетті.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

    Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

    2 years ago
    Ынтымақтастық нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    4 months ago
    Виртуалды әлем

    Виртуалды әлем

    3 months ago
    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    9 months ago
    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>