Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Таза Қазақстан: Алатау тұрғындары тазалық жолында бірігуде

Таза Қазақстан: Алатау тұрғындары тазалық жолында бірігуде

110 қаралым

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Алатау қаласында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.
Қаланың көркін жақсарту, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Осы ретте тазалық жұмыстарының маңызы зор. Таза әрі жайлы қала қалыптастыруда тұрғындардың белсенділігі мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.
Тазалық – ортақ құндылық, ал туған қаланы таза ұстау – әр азаматтың үлесі. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Алатау қаласының көркі артып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптаса береді.

Роза ҮМБЕТОВА

Алатау қаласы

↑