Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Заң мен тәртіп» Конституция талаптарын құрметтеуден басталады

«Заң мен тәртіп» Конституция талаптарын құрметтеуден басталады

15 қаралым

Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік заң талаптарының орындалуына тікелей байланысты. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын айқындап, мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырады. «Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір адамның заңды құрметтеп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауын көздейді. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау және азаматтардың құқықтарын құрметтеу – ортақ міндет. Заң бұзушылықтың алдын алу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен қатар, отбасы, білім беру ұйымдары және қоғамдық бірлестіктер де маңызды рөл атқарады. Заңға бағыну мәдениеті қалыптасқан ортада сенім мен өзара құрмет нығаяды. Конституция қағидаларын сақтау – әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарты.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑