«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Алматы облысында көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды таза ұстау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырады. Сенбіліктер кезінде жиналған қоқыстарды шығару, ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары елді мекендердің көркін ашады. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге тастамау мәдениетін қалыптастыру қажет. Әсіресе, өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру – ортақ міндет. Тазалықты сақтау бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Ерзат АСЫЛ
