Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заңды құрметтеу – тәртіптің бастауы

Заңды құрметтеу – тәртіптің бастауы

50 қаралым

Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда заң талаптарын сақтау басты құндылықтардың бірі болып есептеледі. Заңды құрметтеу адамның өз құқығын білуімен қатар, өзгенің де құқығына қол сұқпауынан көрінеді. Қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау, айналаға кедергі келтірмеу және ортақ мүлікке ұқыпты қарау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алуға болады. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, ата-аналар және құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істеуі қажет. Әр азамат заң талаптарын орындаса, қоғамдағы өзара сенім де нығая түседі. Тәртіп бар жерде тұрақтылық пен қауіпсіздік қалыптасады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑