Құқықбұзушылықпен күресудің тиімді жолдарының бірі – оның алдын алу. Бұл үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп, заң талаптары кеңінен насихатталуы керек. Әсіресе жасөспірімдерге құқықтық жауапкершілікті түсіндіру олардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің мүлкіне зиян келтірмеу және жанжалға жол бермеу әр азаматтан жауапкершілікті талап етеді. Құқық қорғау органдарының тұрғындармен тұрақты байланысы қауіпсіздік мәселелерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген құқықбұзушылыққа немқұрайды қарамау – ортақ тәртіпті нығайтудың маңызды шарты. Алдын алу шараларына қоғам болып атсалысқанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
