Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жастар тәрбиесі – қауіпсіз болашақтың негізі

Жастар тәрбиесі – қауіпсіз болашақтың негізі

44 қаралым

Жастардың құқықтық сауатты әрі жауапты болып қалыптасуы қоғамның болашағына тікелей әсер етеді. Өскелең ұрпаққа заң талаптарын түсіндіру және азаматтық жауапкершілігін арттыру – маңызды міндет. Мектептер мен колледждерде құқық қорғау мамандарымен кездесулер өткізу оқушылардың құқықтық білімін толықтырады. Мұндай кездесулер барысында қоғамдық тәртіп, интернеттегі қауіпсіздік және құқықбұзушылықтың салдары түсіндіріледі. Ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыруы да үлкен рөл атқарады. Жасөспірімдер өз әрекеттерінің салдарын түсініп, заңға қайшы қадамдардан аулақ болуы керек. Саналы тәрбие мен сапалы білім қауіпсіз қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑