Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ішімдікке байланысты жанжалдар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын таңдауы керек. Спортпен шұғылдану, мәдени іс-шараларға қатысу және пайдалы әдеттерді қалыптастыру бос уақытты тиімді өткізуге көмектеседі. Әсіресе жастар арасында алкогольдің зияны туралы ақпаратты кеңінен тарату қажет. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі де зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді. Денсаулықты сақтау – адамның өзіне және жақындарына деген жауапкершілігі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
