Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заңсыз әрекетке қатысу – болашаққа қауіп

Заңсыз әрекетке қатысу – болашаққа қауіп

28 қаралым

Есірткінің заңсыз айналымына қатысу адамның болашағына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Кейбір адамдар интернеттегі жеңіл табыс туралы ұсыныстарға сеніп, заңға қайшы әрекеттерге араласып жатады. Алайда мұндай ұсыныстардың артында қылмыстық жауапкершілік пен өзге де қауіптер тұруы мүмкін. Сондықтан күмәнді хабарландырулар мен белгісіз адамдардың тапсырмаларына сақтықпен қараған жөн. Жастар заңды табыс табудың жолдарын үйреніп, кәсіби дағдыларын дамытуға ұмтылуы керек. Құқықтық сауаттылық адамның қауіпті шешімдерден бас тартуына көмектеседі. Заңды жолды таңдау – қауіпсіз әрі тұрақты болашақтың кепілі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑