Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің дамуы мен қоғам өмірінің негізгі бағыттарын айқындайтын басты құжат. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Ата Заңда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған. Әр азамат Конституцияда белгіленген құқықтарын біліп қана қоймай, заң талаптарын сақтауға да міндетті. Құқықтық сауаттылықтың артуы қоғамдағы жауапкершілік пен өзара құрметті нығайтады. Заң талаптарын сақтау күнделікті өмірдегі тәртіптің маңызды шарты болып саналады. Ата Заңды құрметтеу – ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі.
Ерзат АСЫЛ
