Есірткі заттарын қолдану адамның денсаулығына, әлеуметтік жағдайына және болашағына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және пайдалы орта қалыптастыру маңызды.
Есірткі қылмысына қарсы күрес тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Оның алдын алу үшін отбасы, білім беру ұйымдары және қоғам бірлесе әрекет етуі керек. Жастардың спортқа, білімге және шығармашылыққа қызығушылығын арттыру да осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.
Тоғжан Жолдығали
