Өз құқықтары мен міндеттерін білу адамға күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құқықтық сауаты жоғары азамат алаяқтық әрекеттерді ажыратып, заңсыз талаптарға қарсы тұра алады және қажет болған жағдайда тиісті көмекке жүгіне біледі.
Сондықтан құқықтық білімді мектептен бастап қалыптастырудың маңызы зор. Заң талаптарын түсіндіру, жастармен кездесулер өткізу және құқықтық ақпаратты қолжетімді ету – заңға құрметті арттырудың тиімді жолдары.
Тоғжан Жолдығали
