Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақтың негізі

Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақтың негізі

192 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда әділдік пен жауапкершілікті орнықтыруға бағытталған. Бұл ұстаным әр азаматтың заң талаптарын сақтап, өзгенің құқығы мен бостандығын құрметтеуінен басталады. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, есірткіге және зиянды әдеттерге қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды бағыттары болып саналады. Конституциялық құндылықтарды түсіну азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және тұрғындардың бірлескен жұмысы қажет. Әрбір азамат заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қосуы тиіс. Заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік орныққан қоғамның болашағы берік болады.

Ерзат АСЫЛ

↑