Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Алматы облысының Алатау қаласында алкоголь өнімдерін сату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы облысының Алатау қаласында алкоголь өнімдерін сату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

21 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алатау қаласында құқықбұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы дүкендерді аралап, кәсіпкерлер мен сатушыларға алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыт шектеулеріне сәйкес, сату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында алкоголь өнімдерін сату тәртібі түсіндіріліп, белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар кәсіпкерлердің заң талаптарына деген жауапкершілігін арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.


Сәбит ПАНЖАЗОВ

Алатау қаласы

↑