Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығын сақтайтын негізгі тірек

Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығын сақтайтын негізгі тірек

38 қаралым

Тәртіпті тек заң талаптарын орындаумен шектеуге болмайды. Ол – өзгенің құқығын құрметтеу, қоғамдық ортада жауапкершілік таныту және әр әрекетіңнің салдарын түсіну.
Кейде үлкен өзгеріс қарапайым қадамнан басталады: қоғамдық орында тазалық сақтау, жол ережесін бұзбау, әлсізге қолдау көрсету немесе әділетсіздікке бейжай қарамау. Осындай күнделікті әрекеттер қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырады.
Заңды білу – міндет, ал оны құрметтеу – азаматтық ұстаным. Әр адам тәртіпті өзгеден талап етпей тұрып, оны өзінен бастағанда ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады.

Жанна НҰРЖАҚЫПҚЫЗЫ,
«Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Текес ауылы

Райымбек ауданы

↑