Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / НАРКОГРАФФИТИ – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

НАРКОГРАФФИТИ – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

24 қаралым

Есірткі саудасын жарнамалайтын жазулар мен интернет сілтемелер қоғамдық орындарда да кездеседі. Мұндай жазулардың таралуы, әсіресе, жастар үшін қауіпті. Осыған байланысты Алматы облысы Ұйғыр ауданының полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу және заңсыз жарнаманы жою мақсатында «Наркограффити» бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, көшелердегі, тұрғын үйлердің қабырғаларындағы, ғимараттар мен қоршаулардағы есірткі саудасына қатысты жазуларды анықтап, оларды жоюға бағытталған жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, есірткі сатуға пайдаланылатын интернет-мекенжайлар, QR-кодтар және өзге де жарнамалық белгілерге назар аударуда. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау мен таратуға қатысты жауапкершілік түсіндірілуде. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастардың зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстануының маңызына мән берілуде.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑