Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

Есірткісіз қоғам – жарқын болашақ кепілі

39 қаралым

Есірткіге қарсы күрес – қоғамның қауіпсіздігі мен ұлт болашағын қорғауға бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Есірткі заттарын тұтыну адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның отбасы мен әлеуметтік ортасына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарының маңызы зор. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес пен құқықтық түсіндіру шараларын жүйелі жүргізу қажет. Білім беру ұйымдарында оқушыларға есірткінің зардабы туралы түсіндіріп, олардың саналы таңдау жасауына жағдай туғызу маңызды. Ата-аналар да балаларының ортасына, бос уақытына және мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуы керек. Есірткісіз қоғам қалыптастыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑