Перейти к содержимому

Үнсіз қалмау маңызды

19 қаралым

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның құқықтары мен бостандығына қайшы келетін әрекет. Ол тек дене күшін қолданумен шектелмей, психологиялық қысым, қорқыту және экономикалық шектеу түрінде де көрінуі мүмкін. Мұндай жағдайларды дер кезінде анықтау зардап шегушінің қауіпсіздігін қорғау үшін аса маңызды. Зорлық-зомбылыққа тап болған немесе қауіп төніп тұрған адам полицияға және тиісті көмек көрсету қызметтеріне жүгіне алады. Куә болған азаматтар да жағдайды елемей қалмай, қауіпсіздікке қатер төндірмейтін жолмен көмек шақыруы керек. Алдын алу жұмыстарында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және психологиялық қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес әр адамның ар-намысын қорғаудан және бейжай қалмаудан басталады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑