Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Өзара құрмет – берік отбасының негізі

Өзара құрмет – берік отбасының негізі

26 қаралым

Берік отбасының негізінде сенім, жауапкершілік және өзара құрмет жатады. Отбасы мүшелері арасындағы түсініспеушіліктерді қорқыту немесе күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Келіспеушілік туындаған жағдайда сабырлы сөйлесу, бір-бірінің пікірін тыңдау және қажет болса мамандардың көмегіне жүгіну маңызды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қоғамда мұндай әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қалыптастыру қажет. Тұрғындарға психологиялық кеңес беру және құқықтық көмек көрсету мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуы да маңызды. Әр адам жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қиындықты жасырмай, оны заңды жолмен шешуге ұмтылғаны жөн. Өзара сыйластықты дәріптеу – зорлық-зомбылықсыз отбасы мен қауіпсіз қоғам құрудың негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑