Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Интернеттегі қауіпсіздік – цифрлық дәуір талабы

Интернеттегі қауіпсіздік – цифрлық дәуір талабы

28 қаралым

Цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өмірді жеңілдеткенімен, интернеттегі қауіп-қатерлерге де назар аударуды талап етеді. Алаяқтар азаматтарды жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер және жалған инвестициялық ұсыныстар арқылы алдауға тырысуы мүмкін. Сондықтан белгісіз адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келген растау кодтарын беруге болмайды. Ақпараттың шынайылығын тексеріп, күмәнді сілтемелерді ашпау – цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелері. Балалар мен жасөспірімдерге интернеттегі жеке деректерді қорғау және бейтаныс адамдармен байланыс орнатуда сақ болу түсіндірілуі қажет. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, банкке және құқық қорғау органдарына жедел хабарласқан дұрыс. Цифрлық сауаттылықты арттыру – азаматтардың мүлкі мен жеке ақпаратын қорғаудың маңызды жолы.

Ерзат АСЫЛ

↑