Перейти к содержимому

Жылдамдықты шамадан тыс арттырма!

34 қаралым

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдау ерекше маңызға ие. Белгіленген шектен асыру жүргізушінің қауіпті жағдайға дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін төмендетеді. Әсіресе елді мекендерде, мектеп маңында және жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтарда сақтықты күшейту қажет. Ауа райы қолайсыз болғанда, жол тайғақ немесе көріну қашықтығы төмендегенде жылдамдықты жағдайға сай азайтқан жөн. Жүргізушілер қауіпсіз арақашықтық сақтап, жол белгілеріне және қозғалыс жағдайына үнемі назар аударуы тиіс. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылған. Жылдамдықты саналы таңдау – жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектесетін маңызды шешім.

Ерзат АСЫЛ

↑