Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

13 қаралым

Жол қозғалысы қауіпсіздігі әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігіне байланысты. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол белгілерін елемеу және көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін.
Жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіз арақашықтық ұстанып, жаяу жүргіншілерге жол беруі тиіс. Қауіпсіздік белдігін тағу және балаларды арнайы орындыққа отырғызу да аса маңызды. Ал жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауы қажет.
Әсіресе қараңғы уақытта және ауа райы қолайсыз болғанда жолда барынша мұқият болған жөн. Бір сәттік асығыстық адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жол ережесін сақтау тек айыппұлдан қорғану емес, өз өмірің мен өзгенің амандығын қорғау екенін ұмытпаған дұрыс.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑